Мектеп туралы » Төлебаев орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Төлебаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 32-63-74
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2022

Мектеп туралы

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «М.Төлебаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылы

  1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

            Мектеп 1965 жылы пайдалануға берілген. Екі қабатты, кірпіштен салынған, 320 оқушыға арналған типтік мектеп. Жер учаскесінің алаңы-2,831 шм. Ғимараттық көлемі-2,224,6 шаршы метр. Оқыту тілі: мемлекеттік. Оқыту түрі күндізгі. 0,1-11 сыныптар аралығы 2 ауысымда оқиды. 1 ауысымда - 140 оқушы, 2 ауысымда- 117 оқушы.

Оқушы саны: 

2018-2019 оқу жылы-243 

2019-2020 оқу жылы- 245 

2020-2021 оқу жылы- 258

2021-2022 оқу жылы- 254

2022-2023 оқу   жылы-237

      Мектептің толық атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Төлебаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып 2022 жылғы 22  тамыздағы Жетісу облысы әкімдігінің №25 қаулысымен өзгертілді.

                  Жетісу облысы Әділет департаменті Ақсу ауданаралық Әділет басқармасының 2021 жылғы 15 қыркүйекте заңды тұлғаға мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. ( 15.09.2022ж. БИН 000140003097) 

           Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы  Жетісу облысының әкімдігі болып табылады. Тиісті салаға басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі  болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      Мектептің толық атауы: «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Төлебаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

         Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Алакөл ауданы,  Жайпақ ауылдық округі, Жайпақ ауылы, Ы.Әлібаев көшесі, ғимарат 37, индекс 040215

          Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары құрылған. 2022-2023 оқу жылына арналған мектептің келелі мәселесі: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды басшылыққа ала отырып сындарлы оқыту, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру». Оқу-тәрбие жұмыстарына арналған жоспар 8 бөлімнен тұрады.