25 қазан Республика күні
Қазақ елі менің - Отаным
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қараMay, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
Жүргізуші:
Ассалаумағаликум, халқым менің,
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба елім.
Жүргізуші:
ҰшырMay көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.
Жүргізуші:
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.
Жүргізуші: 25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Әнұран ойналады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн – жазғы күнгі гүл алаң.
Жүргізуші:
Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті
Он бес жыл болды, тәуелсіздік алдық біз.
Жалғастырып баба жолын, елдікті.
Шақырады Елбасымыз бірлікке,
Еңбек ет деп, күніңді көр тірлікте.
Татулық бар, еңбек өмір тілегі,
Неге қажет даурықпа сөз, дүрлікпе.
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.
Жүргізуші:
Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,
Аты – жөнін жер әлем танып жатыр.
Халқының ілгерілеу қамын ойлап,
Елбасым шартарапқа барып жатыр.
Ата заңы басшылықты алып жатыр.
Орнасын жер әлемде тыныш заман.
Өмір сүрсін теңдікте барлық адам.
Зу етіп өте шығар бұл жалған да,
Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.
Тыныштық болса дейміз жер бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.
Желбіреп көк байрағы қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне.
Жүргізуші: 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.
Жүргізуші: Ту.
Желгіре туым желбіре,
Көргенде сені қуанам.
Мақтан қып сенің сәніңді,
Атманмен алыс атанам.
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.
Жүргізуші: Елтаңба
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.
Жүргізуші: Теңге.
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?
Жүргізуші: Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
Жүргізуші: Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік, азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны қабылдадық.
Жүргізуші: Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10 – нан бастап қазақстан мемлекетінің елордасы атанды.
Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.
Жүргізуші: Қазақстан өз The presidentін Ұлы тұлға деп мақтана алады.
Жүргізуші: Елім менің!
Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!
Жүргізуші:
ПРЕЗИДЕНТ.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар The presidentі.
Аман бол алтын жүрек, дана басым.
Ел үшін өлімге де бара аласың.
Буынның бұгілмесін ел алдында,
Ертең де еңбегіңді бағаласын.
Жүргізуші:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!