«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан !»
«Бекітемін» ____________
Мектеп директоры__________С.Садиева
«_____»________________2022жыл
«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан !» атты
салтанатты жиынның сценарийі
«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан !» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
ҚР гимні орындалады
Жүргізуші:Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,қонақтар, шәкірттер!
Жүргізуші:Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел – Қазақстан !»» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер.
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – Тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алMayмыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
Бүгінгі Тәуелсіздік күні қарсаңында оқушыларымызды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына 5-сынып оқушыларын қабылдау салтанаты. Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
5-сынып оқушылары Ант береді.
Құрметті қонақтар мен 11- сынып оқушылары, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
Жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
1.Құттықтау Мектеп директоры Садиева Сауле Тезекбайқызына
Тәуелсіздік күніне байланысты марапаттау.
2.Құттықтау сөз Жайпақ ауылдық округінің әкімі беріледі
3..Құттықтау сөз «Қамқоршылық» кеңестің төрағасы Жұмашев Айқан Советұлына беріледі.
4. Құттықтау сөз Ата-аналар комитетінің төрағасы
Бекбосынова Раушан ҚасымжоMarchқызына
ІІ бөлім:
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке шақырамыз.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына кіре отырып: ҚР патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Отанымызды мақтаныш етуге;
Ата-ананы қадірлеуге;
Білімге ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге; Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант береді.
Топ басшылары бүгінгі бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы мәлімдеме тапсыруға дайындалсын. «Жас Қыран» тобы мәлімдеме берсін! «Жас Ұлан» тобы мәлімдеме берсін!
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен 10 және 11 сынып оқушылары, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.