Мектеп кітапханасының 5 жылғы талдаулары » Төлебаев орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Төлебаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 32-63-74
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханасының 5 жылғы талдаулары
02
сентябрь
2022

Мектеп кітапханасының 5 жылғы талдаулары

2018 – 2019 оқужылы кітапқоры



Жылы

Оқулықатауы

Оқулық

(кіріс)

Оқулық

(шығыс)

Оқулық

(қалдық)

Оқушылардың оқулықпен қамту

2018-2019 

оқу жылы

оқулық

1357

-

10467

1 – 11 сынып 243 оқушы 100қамтылды 

электрондық

20

-

193

әдістемелік

27

-

1816

Дидактиалық

564

-

3000

Жаратылыстану

-

-

19

Өнер және спорт

-

-

6

Көркем әдебиет

-

-

1324

ОПЛ

-

-

2

Барлығы:

1968

-

16827

     2018 – 2019 оқу жылында 1 – 4 сынып  94 оқушы, 5 – 9 сынып 127 оқушы, 10 сынып: Жаратылыстану –математикалық бағытта 9 оқушы, Қоғамдық –гуманитарлық  бағытта жоқ, 11 сынып: Жаратылыстану –математикалық бағытта 13 оқушы, Қоғамдық –гуманитарлық  бағытта жоқ, жалпы 1 – 11 сынып 243 оқушы оқулықпен толық қамтылды. Өткен оқу жылында 3, 6, 8 – сыныптардың оқушы саны аз болуына байланысты быйылғы оқу жылында 3, 6, 8 – сынып оқулықтарына сұраныс беріліп, жетіспейтін оқулықтарды өзге мектептерден алып оқушылар оқулықпен қамтылды. Быйылғы жылы оқулықпен бірге 2 көркем әдебиет келіп, көркем әдебиет қоры толықтарылды.   




2019 – 2020 оқу жылы кітап қоры


Жылы

Оқулық атауы

Оқулық

(кіріс)

Оқулық

(шығыс)

Оқулық

(қалдық)

Оқушылардың оқулықпен қамту

2019-2020

оқу жылы

оқулық

1245

-

11830


1 – 11 сынып 245 оқушы100қамтылды 

электрондық

53

-

283

әдістемелік

31

-

1847

Дидактиалық

101

-

3176

Жаратылыстану

-

-

19

Өнер және спорт

-

-

6

Көркем әдебиет

4

-

1330

ОПЛ

-

-

2

Барлығы:

1434

-

18493





   2019 – 2020 оқужылында 1 – 4 сынып 100 оқушы, 5 – 9 сынып 125 оқушы, 10 – 11 сынып 20 оқушы. Өткен оқу жылына қарағанда быйылға оқу жылын да 4,9, 10 – сынып оқушыларына жетіспейтін оқулықтарға сұраныс беріліп жалпы 1 – 11 сынып 245 оқушы оқулықпен қамтылды. Жаңа оқу жылында келген оқу-әдістемеліктер мұғалімдерге берілді.






2020 – 2021 оқу жылы кітап қоры


Жылы

Оқулық атауы

Оқулық

(кіріс)

Оқулық

(шығыс)

Оқулық

(қалдық)

Оқушылардың оқулықпен қамту

2020-2021

Оқу жылы

оқулық

888

-

12718

1 – 11 сынып 258 оқушы 100 % қамтылды 

электрондық

37

-

320

әдістемелік

42

-

1889

Дидактиалық

54

-

3230

Жаратылыстану

-

-

19

Өнер және спорт

-

-

6

Көркем әдебиет

15

-

1345

ОПЛ

-

-

2

Барлығы:

1036

-

19529



  2020 – 2021 оқужылында 1 – 4 сынып 97 оқушы, 5 – 9 сынып 121 оқушы, 10 сыныпқоғамдық – гуманитарлықбағытта жоқ, жаратылыстану – мамематикалық бағытта 28 оқушы, 11 сыныпқоғамдық – гуманитарлықбағытта 7 оқушы, жаратылыстану – мамематикалықбағытта 5 оқушы, жалпы         1 – 11 сынып 258 оқушы оқулықпен қамтылдыБиылғы оқу жылына  11-сыныпқа оқулықтар келді.Мұғалімдерге қажетті әдістемелік құралдар жеткізілді.   Қалған оқулықтар түгел жеткілікті. 









2021 – 2022 оқу жылы кітап қоры

Жылы

Оқулық атауы

Оқулық

(кіріс)

Оқулық

(шығыс)

Оқулық

(қалдық)

Оқушылардың оқулықпен қамту

2021-2022

оқужылы

оқулық

862

473

13107


1 – 11 сынып  254 оқушы 100қамтылды 

электрондық

45

41

324

әдістемелік

9

24

1874

Дидактиалық

200

3405

200

Жаратылыстану

-

-

19

Өнер және спорт

-

-

6

Көркем әдебиет

12

-

1406

ОПЛ

-

-

2

Барлығы:

1128

3943

16938






2021–2022 оқу жылында 1–4 сынып 96 оқушы, 5–9 сынып 123  оқушы, 10 сынып қоғамдық – гуманитарлық бағытта 5 оқушы, жаратылыстану – математикалық бағытта 5 оқушы, 11 сынып қоғамдық – гуматитарлық бағытта 12 оқушы, жаратылыстану – мамематикалық бағытта 13 оқушы, жалпы 1 – 11 сынып бойынша 254 оқуш оқулықпен толық қамтылды.  Биылғы оқу жылына  1 -сыныпқа жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар келді. Жаңартылған бағдарлама бойынша мүғалімдерге қажетті әдістемелік құралдар жеткізілді. Жаңа оқу жылында мектеп кітапханасына 49 көркем әдебиет жеткізіліп, көркем әдебиет қоры толықтырылды.





2022 – 2023 оқу жылы кітап қоры




Жылы

Оқулық атауы

Оқулық

(кіріс)

Оқулық

(шығыс)

Оқулық

(қалдық)

Оқушылардың оқулықпен қамту

2022-2023

Оқу жылы

оқулық

402

-6794

6344


1 – 11 сынып  237 оқушы 100қамтылды 

электрондық

28

25

290

әдістемелік

10

1660

207

Дидактиалық

-

251

-

Жаратылыстану

-

-

19

Өнер және спорт

-

-

6

Көркем әдебиет


-

1382

ОПЛ

-

-

2

Барлығы:

440

8730

8275


2022 – 2023 оқужылында 1 – 4 сынып 84 оқушы, 5 – 9 сынып 113  оқушы, 10 сынып қоғамдық – гуманитарлық бағытта 20 оқушы, жаратылыстану – мамематикалық бағытта 11 оқушы, 11 сынып қоғамдық – гуманитарлық бағытта 5 оқушы, жаратылыстану – мамематикалық бағытта 4 оқушы, жалпы 1 – 11 сынып бойынша 237  оқуш оқулықпен толық қамтылды.  Биылғы оқу жылына  2 сыныпқа  оқулықтар келді. Қосымша 10 сыныпқа қоғамдық бағытта жетіспейтін 3 комплекті оқулық сұраныспен алдық. Мұғалімдерге қажетті әдістемелік құралдар жеткізілді. 






Мектеп кітапхана жұмысының  2018 – 2019 оқу жылына талдау


2018-2019 оқу жылында мектеп кітапханасында 6 бағыт бойынша жылдық жұмыс жоспары ұйымдастырылды.  Жоспар бойынша барлық іс-шара атқарылды. Мектеп кітапханасында «Тіл-халықтың жаны»,»Тіл-жан азығы» тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқырмандарды өз тілін құрметтей отырып,үш тілді яғни қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілін жетік меңгеруге шақыру.Көрмеге Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы,буклеттер,үш тілдің патшалығы кітаптары,қазақ тіліндегі дисккілер тағы басқа көптеген кітаптар қойылды.Көрме өз мақсатына жетті.

           «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік тірегі», «Конституция-ең маңызды Заң» тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты:Қазақстан патриотизм,Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кейінен дәріптеу және дамыту.Мемлекеттік Ту,Елтаңба,Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.Бұл іс-шара оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту,оларды отаншылдыққа,ұлтжандылыққа,өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу және оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.

        Сонымен қатар мектепшілік «100 кітап » апталығы өтілді.Мақсаты:Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып дамыту,шығармашылық қабілеті шындалған жеке тұлға тәрбиелеу.

            Мектеп кітапханасында «100 кітап» айлығының ашылу кітап көрмесінен бастау алды.Көрмеге оқушылармен мұғалімдер қатысты.Көрмеге қазақ әдебиеті,шетел әдебиеттері қойылды.Мысалы:Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», С.Мұқановтың «Сұлушаш», С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы», Ш.Айматовтың «Жан пида», Макр Твен «Том Сойлердің басынан кешкендері», В.Обручев «Жұмбақ жер», Д.Свифт «Гулливердің саяхаты», Ж.Верн «Он бес жасар капитан» тағы басқа шығармалар оқырмандар назарына ұсынылды.

Мектеп кітапхана жұмысының  2019 – 2020 оқу жылына талдау


    2019-2020 оқу жылында мектеп кітапханасында бірнеше бағыт бойынша жылдық жұмыс жоспары ұйымдастырылды. Жоспар бойынша барлы іс-шара атқарылды. Мектеп кітапханасында «Тіл рухани қазына» тақырыбында кітап көрмесі болды. Мақсаты: Оқырмандарды  өз тілін құрметтеуге баулу.Ауданымыздың ақын жазушыларының әдебиеттерін көрме арқылы оқушыларға таныстыру.Көрмеде буклет,әртүрлі кітаптар қойылды.Елбасымыз айтқандай, мәңгілік ел атану үшін де қазақ тілінің рухы асқақ та, биік болғаны жөн.Мәңгілік елдің тілі-қазақ тілі, ана тіліміз болуы шарт.

«Ұлағатты отбасы- ұлт құндылығы»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық,мейіріміділік сезімін ояту.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор жасау,сыпайы,ілтипатты болуға тәрбиелеу.Көрмеге барлық оқушылар ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аза маңызды құндылық екені жайлы, өздеріне қажетті мағлұмат ала алды.«Қазақтың үш бәйтерегі»  тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Максаты: Өткен ғасырдағы аумалы-төкпелі заманда ел үшін ерінбей еңбек етіп,артына мол рухани қазына қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихаттау,оқырман қауымды қазақ әдебиетіне жақындата түсу.Оқырмандар көрмеге ерекше зейін қойып, қазақ тарихындағы қиын кезеңдер туралы қомақты мағлұмат алды.

«Б.Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл» толуына байланысты «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Мерейге жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларын насихаттау,жастардың көркем әдебиет оқуына қызығушылығын арттыру.«Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерең еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.Көрме екі бөлімнен тұрады.Бірінші бөлім еліміздің бейбітшілік саясаты мен келісімдігі, адамгершілігін паш етеді.Осы бөлімде «Қазақстан -2050» стратегиясы «Мәңгілік ел» бағдарламасы қойылды.Екінші бөлімі «Біздің президент халық таңдауы» атты бөлімінде ҚР-ның Тұңғыш Президенттің еңбек жолы, ҚР-ның тәуелсіздігі баяндалады.Көрменің негізгі идеясы- қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастағын көрсету    

«Поэзия патшайымы» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Поэзия падишасы Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға тереңдете таныстыру.Рухани мұрамызды сақтау,әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.«Армысың, Әз-Наурыз!»  тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру.Нарыз мерекесі туралы тсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Мектеп кітапхана жұмысының  2020– 2021 оқу жылына талдау


2020-2021 оқу жылында мектеп кітапханасында бірнеше бағыт бойынша жылдық жоспар ұйымдастырылды.Жоспар бойынша барлық іс-шаралар өз уақытында атқарылды.Атап айтсақ: «Қазақстан Республикасының Рәміздері» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту,ұлтжандылыққа, өз елін тарихын білуге тәрбиелеу.

 «Тіл көңілдің-тілмашы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: Қазақстан халқының мемлекеттік тілінің дамуына ықпал ету және өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету.Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге  тілді жетік білу- үлкен жетістік екенін білу.Кітапхана қорындағы тіл туралы кітаптарды насихаттау.

«Темекі тажал» тақырыбында оқушыларға «Қазақстан -2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау,адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін   түсіндіру. Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын-алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру,дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру. Көрнекілігі: Түрлі   суреттер,бейнежазба, темекінің зиянды жақтарын көрсететін нақыл сөздер,суреттер,мақал-мәтелдер.

«Ұстаздың ұлы келбеті»  тақырыбында кеш ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқушыларды мұғалімдерді құрметтеуге баулу,өз елінің адал, әділ ақылды азаматы болуға тәрбиелеу. «Асыл қариялар» тақырыбында кеш ұйымдастырылды.Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.Кеш өз деңгейінде өтілді

«Ертегілер елінде» тақырыбында  оқушылар арасында дауыстап оқу сайысы ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушыларды   ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегіге қызығушылығын арттыру.Оқушылар іс-шара бойынша өзіне ұнаған ертегілерін оқып,жақсы көңіл күймен қоштасты.

«А.Құнанбаевқа 175 жыл» тақырыбында Абайдың өлеңдеріне онлайн оқушылар челлендж жолдады.«Еңселі ел- Елбасымен көрікті»  тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрмеге  елбасы Н.Назарбаев өмірбаяны, отбасы және балалық шағы, қызмет жолы, кітаптары, реформалары, шығармалары қойылды. Мектеп оқушылары кітапханаға келіп көрмемен танысты,Н.Назарбаевтың оқушы кезіндегі табельдерін қызығушылықпен көріп, өздеріне қажетті мәліметтерді жазып алды.Сонымен қатар «Елбасы және отбасы» атты фотобуклет дайындалды.Бұл көрменің басты мақсаты тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында президенттің рөлін көрсету және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.Іс-шара өз дәрежесінде өтті. Оқушылармен мұғалімдер өздеріне керек мәліметтерді алды.

Мектеп кітапхана жұмысының  2021 – 2022 оқу жылына талдау


2021-2022 оқу жылында мектеп  кітапханасында бірнеше  бағыт бойынша жылдық жұмыс жоспары ұйымдастырылды. Жоспар бойынша барлық іс-шара атқарылды. Атап айтсақ :Кітапхана залында  «Кітапхана әлеміне саяхат» тақырыбында  1  сынып   оқушыларын кітапханамен таныстырылды.                                                                                                                                            

    «Тіл-ұлттың тұғыры,рухы мен намысы» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.Мақсаты: Қасиетті ана тілімге деген сүйіспеншілікті арттыру , ана тіліміздің қадір-қасетін біліп,сөз құдіретін түсіне білуге байлу,ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Тіл мәртебесін арттыруға, ат-салысуға тәрбиелеу. Көрмеге қанатты сөздер, ақын-жазушы, тарихи тұлғалардың суреттері, кітаптар қойылды.

     «Мемлекеттік рәмізді құрметтеу-азаматтық борыш» тақырыбында айлық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектеп кітапханасында кітап көрмесі қойылды. Көрменің мақсаты оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі   білімдерін кеңейту.Қазақстан мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.Отанымыздың байлығын,  тәуелсіздігін әңгімелей отырып, оқушылардың бойына Отан сүйгіштік, патриоттық  сананы қалыптастыру. Көрмеге еліміздің тарихын, тәуелсіз Республикамыздың табыстары мен жетістіктерін таныстыратын басылымдар, шығармалар жинақтары, Қазақстан  Республикасы   Президенттінің кітаптары, фотоальбомдар, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды. Бір сөзбен айтқанда, «Мемлекеттік рәмізді құрметтеу-азаматтық борыш» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

    Оқушылардан  «Кітап сенің өмірінде»  туралы анкета   алынды.«Ахмет Жұбановқа 115 жыл»   толуына байланысты видеоролик және көрме   ұсынылды. Мақсаты: Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын  келешек жас ұрпаққа дәріптеу, музыкатану ғылымында баға жетпес еңбектерімен таныстыру. Педагог, музыкатанушы А.Жұбановтың 115 жылдық мерейтойына орай «Саз әлемінің сардары» атты кітап көрмесі қойылды. Оқушылар Ахмет Жұбанов туралы   өздеріне керекті мағлұмат алды. 

    «Ертегілер еліне саяхат»  тақырыбында оқушылар сахналық қойылым қойды. Мақсаты: Ертегіні суреттеп, сахналап қоя білуге, актерлық шеберлікке, сахна мәдениетін сақтауға үйрету. Ұқыптылықа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелену. Жақсыдан үйреніп, Жаманнан жиренуді бейімдеу. Сонымен қатар кітапханада ертеңгілік, пікір сайыс, әдеби кештер жоспар бойынша ұйымдастырылуда.

Мектеп кітапхана жұмысының  2022 – 2023 оқу жылына талдау


           2022-2023 оқу жылында бірнеше бағыт бойынша мектеп кітапханасында жылдық жоспар ұйымдастырылды.Жоспар бойынша барлық іс-шара атқарылды. Кітапханада «Конституция ең- маңызды Заң» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды Ата заі аясындағы құқығын, бостандығын меңгерген азамат етіп  тәрбиелеу. Патриоттық сана қалыптастыру. Отансүйгіштік қасиеттерін ояту.Осы көрмеге жалпы шолу жасалды. 

«Үш тілдің патшалығы», «Тіл мәртебесі –ел мерейі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге байлу. Оқушылар Ә.Тәжібаевтың «Тілім менің- тірлігімнің айғағы», Қ.Мырзалиевтың «Ана тілі» өлеңдерін нақышына  келтіріп  оқыды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу- Қазақстанның әрбір азаматының парызы.Міндеті деп те айтуға болады» деген болатын. Ұйымдастырылған көрмеде әртүрлі кітаптар қойылып, ұстаздар және оқушылар белсене қатысып, өздеріне қызықты мағлұмат жинады. Оқырмандар үшін арнайы ұйымдастырылған көрмесі өз деңгейінде өтіп, өте қызықты кеш болды. 

        «Абай-дара, Абай-дана» қазақта! көрмесінде А.Құнанбаевтың «Абай жолы» кітабы, «Абайдың қарасөздері», өмірбаяны, шығармалары, буклеттер, газет- журналдардан алынған мақалалар қойылды. Бұл ұлы ақынның  сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармалармен таныстыру, 45 қарасөзі туралы түсінік беру, оқушылардың ой-өрісін, өмірлік көзқарасын сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

25 қазан-Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қыран елім-Қазақстан!» атты кітапханада оқырмандар байқауы өтті. Оқушылар өздерінің «Отан», «Туған жер» туралы  өлеңдерін айтып,өз өнерлерін көрсетті. 

     «Оқуға құштар»  мектеп жобасы аясында мектебімізде жоспар бойынша іс-шаралар өтілуде. Мақсаты: Кітап оқуды насихаттай отырып, оқуышыны жүйелі кітап оқу дағдыларын қалыптастыру. Осы жоба бойынша «Мен және жанұям»  отбасылық кітап оқу,  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл мерейтойына «Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі, «Ертегілер еліне саяхат» кітап көрмесі, «Абай тақырыбы- мәңгілік тақырып» А.Құнанбаев өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы, «Сүйікті кітабыммен селфи» фото көрме,25 қазан-Республика күніне орай күніне орай  челленджге оқушымыз қатысты. Мектепте 15 минуттық үзілісте кітап оқу үнемі ұйымдастырылуда.