1-қыркүйек Білім күні » Төлебаев орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
M. Tolebayev Secondary School
"Department of Education for Alakol district "
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(727) 32-63-74
bookkeeping:
Version for
visually impaired
01
September
2022

1-қыркүйек Білім күні

                         «БЕКІТЕМІН»

                                                                                            Мектеп директоры_____________С.Садиева 

                                                                  «_____»_____________2022 жыл


 «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық  қасиет» 

         «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі


Фанфар ойналады.


-Армысыздар, құрметті қонақтар!

Ұлағатты ұстаздар!

Ардақты ата-аналар!

және күміс қоңырау үнін  сағына, асыға жеткен оқушылар!

Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән,
 Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
 Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
 Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

«Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар», - демекші   мектебімізге   қош келдіңіздер!. Мұнда сіздерді сапалы білім, тағылымды тәрбие мен жарқын болашақ күтеді.

 Бүгін - Білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден  қалыспай, тең қадам басуы үшін  болашақтың  тұтқасын   ұстар  білімді, еңбекқор, отаншыл, рухани құндылықтарды бойымызға сіңірген ұрпақ боп тәрбиеленуіміз – бүгінгі күннің  міндеті.


2022-2023 оқу жылында мерейтойлық күнтізбелік күндер атап өтіледі:        

-   Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; 

-   Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері 

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жылдығын;

 - Роза Бағланованың -100 жылдығы; 

-  Қазыбек бидің 355 жылдығын; 

-   Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы; 

-    Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы;


Өмір бойы   мектебімді  жыр етем,

Бір өзіңде  бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің   өрістесін, өрлесін,

Құтты  болсын  «Білім күнің » - мерекең !

Білім күні әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі Егемен еліміздің болашақ ұрпағы.

      Ендеше, болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз 1-сынып оқушыларын сынып жетекшісімен  қошеметпен ортаға шақырамыз.

(Музыка ойналады) 

  1 сынып жетекшісі  шығармашыл, жаңашыл,   "педагог-зерттеуші" ұстаз Стамбекова Шынар Сериккалиевна 


1

Әлімғазы Ерке Саятқызы

2

Баяхмет Айсана Еркебұланқызы

3

Ғалым Нұрсүлтан Еркінұлы

4

Дабыржан Айару Қалдыбекқызы

5

Елдосұлы Жігер

6

Елдосқызы Ақниет

7

Зейнелғазы Азамат Қанатбекұлы

8

Қасымхан Айару Мұхитқызы

9

Мұрат Кәусәр Думанқызы

10

Нұрсәмет Хамза Берікболұлы

11

Оразхан Айзере Мәуленқызы

12

Сайын Бекнұр Еламанұлы

13

Саматқызы Азиза

14

Совет Нұрәли Айханұлы

15

Тохтарай Айғаным Ардаққызы

16

Шакен Алихан  Қанатұлы



















Білім күніне»                     арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады.


Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимні орындалады.


-Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!

(Қонақтар таныстырылады)

1.Жайпақ ауылдық окургінің   әкімі-Амангельдинов Манас Амангелдіұлы 

2. Board of Trusteesтің төрағасы -Жұмашев Айқан Советұлы -

3. Жайпақ ауылдық ақсақалдаралқасының төрағасы  -Абдрахманов Серікқажы Телеуханұлы

5.Бекбосынова Раушан ҚасымжоMarchқызы - мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы

және ардагер ұстаздар


-Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысқалы   отыр.


Мереке зор қуаныш - Білім күні,
 Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
 Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
 Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі.
 
 

     Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, мектеп оқушылары және мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер!  

    Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы алғашқы қоңырау соғылар сәттеріңіз, «Білім күні» мерекесі  құтты болсын!

    The president өз сөзінде: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деді.       Өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.


       Сонымен қатар Егеменді еліміздің келешегі бүгінгі білімді, тәрбиелі ұрпақ екені баршамызға мәлім. Ендеше, болашақта бәсекеге қабілетті, білімге қол созатын, білімнің  кілтін ашатын тәуелсіз еліміздің тағы бір жас ұрпақтарына сөз кезегін береміз.

Сөз кезегін 1-сынып оқушыларына береміз.

1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы қоңырау)

Әлімғазы Ерке:
 
 1.Сәлем, саған мектебім,
 Алғыстарым көп менің.
 Оқу, білім, тәрбие
 Ой санама еккенің.

Ғалым Нұрсұлтан:
 2.Қуаныш бүгін – мереке,
 Шуағын шашып тұр әлем.
 Мектепке келген алғашқы,
 Жан досым, саған мың сәлем.

Баяхмет Айсана

3.Мектеп – қамқор анамыз
 Оқып білім аламыз,
 Өнерпаз боп өсетін
 Біз оқушы боламыз!
 
 Елдосұлы Жігер:
 4.Алтын ұя - мектебім!
 Армандарым көп менің,
 Атқарамын деп келдім,
 Асыл – аннам мектебім

Елдосқызы Ақниет:
 

 5.Биыл мен де мектепке
 Біріншіге барамын.
 Мақтанбаймын мен текке,
 Дайын дәптер, қаламым

Зейнелғазы Азамат:
 

 6.Мектепке енді барамыз,
 Біз оқушы боламыз.
 Жақсы оқып сабақты,
 Кілең бестік аламыз

Совет Нұрәли:
 
 7.Өсті міне бойымыз,
 Өсті міне ойымыз.
 Қуанышқа ортақпыз,
 Құтты болсын тойымыз.
 
 

Сайын Бекнұр:
 8.Білім керек бәріне,
 Балалардың бәріне.
 Білімі болмаса егер де,
 Жолы болмас өмірде.


Саматқызы Азиза:
 9.Білім керек әрқашан,
 Өмір бой бәріне.
 
Сондықтан да балалар,
 Білім алайық бәріміз.
 
 
Шакен Алихан:

10.Айналайын балғындар,
 Алға бағыт алғындар
 Ертең өсіп толындар,
 Ел мақтаны болындар,
 Орындалсын ойларың,
 Құтты болсын тойларың

Тохтарай Айғаным:
 

 11.Мектепке алғаш барғанда
 Ұстаздарды мақтаймын,
 Сенімдерін ақтаймын.
 Біздікіндей мектепті
 Әлем шарлап таппаймын.

Нұрсәмет Хамза,
 12.Еркелік жоқ кешегі

Оқушымын мен енді.

Білім алып ,бойым мен

Ойым енді өседі.

Мұрат Кәусар:
 13.Мектеп, менің мектебім,
 Ақылсыздан шеттедім.
 Білімдімен дос болып,
 Сенен аттап өтпедім.
 
 .Дабыржан Айару:
 
 14.Тақпағымды жаттаймын,
 Сабағымды баптаймын.
 Біздікіндей мектепті
 Ешбір жерден таппаймын.
 
 Оразхан Айару
 15.Күн көзімен таласқан,
 Ай мен күнге жол ашқан.
 Қазақ қызы мен болам,
 Білімменен санасқан.
 
 Қасымхан Айару:
 16.Бірінші қыркүйек күнімен.

 Аңқыған жұпар гүлімен
 Келіп ем, қарсы алар мектебім,
 Сүйкімді қоңырау үнімен.
 
 
 


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

 Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар, – 

алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.



Білім кілтін тапсыру мыңдаған шәкірттердің жүрегінде ұмтылдырмас із қалдырған, Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі Ы.Алтынсарин атындағы  төс белгілердің иегері                      

Жакуова Қарлығаш Арғынғазықызы   жаңа буын шәкіртіміз Оразхан Айзереге  тапсырады.


Мына кілтпен бәріміз

Білімге жол ашамыз.

Best оқып сабақты

Отанға қызмет етеміз!


11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына “Әліппе “ кітабы  табыс етеді.


-Құттықтау сөз Жайпақ ауылдық окургінің   әкімі Амангельдинов Манас Амангелдіұлына беріледі.

Құттықтау сөз  аудандық қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жұмашев Айхан Советұлына

Келесі құттықтау сөз Оразбаева Алмания Шамшидиновнаға                            беріледі. 


2022-2023  оқу жылының   басталуы туралы  бұйрықпен таныстыру үшін  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  

 Ғайса Құндыз Жеңісқызына  беріледі. 

(мектеп директорының жаңа оқу жылына арналған бұйрығымен таныстыру)


(Бұйрық оқылады)


-Қоңырау сыңғырла асыға,

Үн қосқан қиялдан асуға.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле сен биік шың басына!


Жас бүлдіршін! Бүгінгі қоңырау үні сен үшін мүлде ерекше. Ол саған алтын ұя мектебіңнің  ең алғашқы қоңырауы. Ол сені әрбір білім сабағына шақырып, жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып, алтын жапырақты қоңыр күзде білім күні қайтадан сыңғырлап мектепке шақыратын болады.

«Алғашқы қоңырау»   соғу салтанаты қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын 11-сынып оқушылары   Мустафа Дәулет, Жолдыбай Ақерке                                                                                  және 1-сыныпқа қабылданған Елдосқызы Ақниет мен Шакен Алиханға тапсырылады.

Мектепке 1 -11 -сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күні және балалар жынылына арналған «   Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»  тақырыбына арналған  сынып сағатына шақырамыз.

Салтанатты  алғашқы   қоңырау  мерекесінде  ұстаздарға   еңбектеріңізге  табыс, оқушыларға оқуда  алға  болуларыңызға   тілектеспіз. 


 Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған « Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет
»  мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
 Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! 


«Алғашқы қоңырау» мерекесі  құтты болсын! 

Талаптарыңа нұр жаусын!

ҚР-ның Мемлекеттік Гимні орындалады.

1-сынып оқушыларын алтын ұя мектебіміздің табалдырығын аттауға шақырамыз!  


1-сынып оқушыларын 11-сынып оқушылары жетектеп мектепке алып кіреді.


1сынып жетекшісі Стамбекова Шынар Сериккалиевна 

11-сынып жетекшілері   И.Қ.Бодаубаева , А.С.Нұрахметжанова