Жаңа жыл! » Төлебаев орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
M. Tolebayev Secondary School
"Department of Education for Alakol district "
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(727) 32-63-74
bookkeeping:
Version for
visually impaired
29
December
2022

Жаңа жыл!

                                                                                                Бекітемін:

Мектеп директоры Садиева С.Т. 


Қош келдің, Жаңа Жыл!


1 жүргізуші:
 
Уа, халайық жараңдар,
 Айналаға қараңдар!
 Жаңа жылдық бұл тойын,
 Салтанатқа санаңдар
 Қызық көріп, шат болып,
 Шаттық күліп тараңдар,
 Уа, халайық құрметті,
 Жаңа жылды қарсы алып,
 Өткізейік дүрмекті
 Уа, халайық той бүгін
 Бақыт, шаттық мол бүгін
 Қарсы алайық Тауық жылды
 Ұзатып сап Мешінді.


2-жүргізуші: Армысыздар, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2023 қоян жылымен құттықтаймыз.  «Қоян» жылы тек қана бақыт, қуаныш әкелсін. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз!

1-жүргізуші: Қош келдің бүгінгі кешімізге

                       Жаңа табыс тілейік ісімізге.

                        Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

                        Мына отырған барша жан бәрімізге.

2-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі мерекелік шыршыға келіп отыраған оқушыларымызды сынып жетекшілерімен шақырамыз.

1-жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,

                       Шашылар шашу жыр-әні.

                       Мынау әсем шыршаға,

                       Қош келдіңіздер, балалар!- 

2-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

                        Шырша сәнін көріңдер.

                        Әсем ән мен би билеп,

                        Күй-жырларды төгіңдер!

1-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Садиева Сауле Тезекбайқызына беріледі.

2-жүргізуші: Балалар, мектеп басшысынан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?

Барлығы: Шырша шамы жағылсын (3 рет).

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!
 
1
-жүргізуші: Балалар, енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
 
2
-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ  дастархан жапқандай!

Халық біткен қарбалам,

Қонақ күтіп жатқандай!


1-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

2-жүргізуші: Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

                       Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

                       Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние,

                       О,сәлем, жаңа жылда жаңарғандар.


  1. Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе? 

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Көрші ауылдан үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
 (Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес. Неге келіп едім? А, иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек.

(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)
 1. Сайқымазақ:
 
Қане, біздің қонақтар!
 Басқаға мойын бұрмаңдар!
 Бізге қарай жақындап
 Қызық күлкі тыңдаңдар!
 2. Сайқымазақ:

Қандай тату өздері

Күлімдеп көздері.

Кәне, кәне, келіңдер,

Бір би билеп беріңдер.
 Барлығы:  Жаңа жылдарыңызбен!!!

(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
 Ұқыпсыз:
 Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
 2.Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?
 Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Көрші ауылдан келдім. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне, қайда келгенімді білмей тұрмын.
 1.Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа,адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсы алуда!
 2.Сайқымазақ:  Қараңыздаршы, қандай тамаша шырша! Қане, бізбен бірге қал, көңіл көтеріп бәріміз билейік.

1.Сайқымазақ: Қане, балалар, Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз келгенше  би билеп, көңіл көтерейік.

1.Гномдар биі


    орындауында "Жаңа жыл" әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші: Мерекеміз- Жаңа жыл,

                      Тойыңда қызық думан бар.

                      Жаңа жыл- бұл жаңа өмір,

                     Сайраңда туыс-туғандар.

2-жүргізуші: Асыға күткен Жаңа жыл,

                        Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

                        Жаңа заман, жаңа ойлар

                        Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


1-жүргізуші: Ұлдардың орындауындағы "Флешмобты" тамалашаңыздар.


2-жүргізуші: Балалар, көптен күткен Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз да келіп қалған сияқты. Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.


Барлығы: Аяз ата, Ақшақар!- 3 рет


Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
 Көңілдерің дүр маржан
 Айналайын ұлдардан
 Айналайын қыздардан
 Аяз ата, Ақшақар
 Жетті жолдан қиналған
 Ештеңе емес барлығы,
 Алдымыздан күлді арман
 Мықтылығым мәлім ғой.
 Өтіп кеткен жылдардан
 Ақшақар:
 Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Тауық жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
 Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.


 1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
 Қилы - қилы заман бар.
 Мешін жылы әне жылыстап,
 Кетіп барады қараңдар.
 О, халайық, халайық.
 Қош айтысып қалайық!
 
 2-жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған.Барыс  жылын шығарып салайық.


 Барыс: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
 Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
 2023 жылы қадам басқан
 Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
 Келесі жыл бастауын Қоянға беремін.(Сахнаға Қоян шығады).


Қоян  жылы

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.                                                                         

 «Қоян» жылы кеп қалды ортаңызға,                                                                       

 Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт

Мен, Жаңа Жылмын, мен жаңа жырмын,

Барлығыңмен біргемін!


 
1-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
 Бар бол, Жаңа жыл.
 Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
 Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
 Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
 Қоян: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
 Барыс:Мен дағы бір қонақпын
 Он екі жылда оралар
 Үлкендерге ақ ниет
 Сіздерге де ақ ниет.
 Сіздерге мың рахмет.


 Барлығы: Қош бол, Барыс жылы, Қош бол!


2-жүргізуші: Амансың ба, Жаңа жыл,

                      Биылғы келген жыл – Қоян жылы

                      Келген қадамың құтты болсын

                      Сен әкелген бақыт жылы болсын.

                     Береке- бірлік, татулық, ырыс жылы болсын.

                     Халықтар достығы нығая берсін! 

Ақшақар: Қош келдің; Жаңа жыл.
 Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып-қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
 - Ал енді Ақшақар балалар бізге не әзірледі екен соны көрейік.

1-жүргізуші: Аяз Ата, біздің мектебімізде өнерлі балаларымыз өте көп. Осы балалардың өнерін неге көрмеске.  Ал балалар, қанеки, Аяз Атаға  өнерімізді көрсетейік.

2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрMayық

Әндетейік, жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.(Сценерийлері бойынша әр сынып оқушылары өнерлерін көрсетеді).

1.

2.

3.

Аяз Ата: Балалар, біз Ақшақар екеуміз тамаша демалдық , ойнадық, ән айтып би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер әрі қарай жалғастыра беріңіздер, ал біз аттанайық. Сау болыңдар, оқушылар. Рахмет сендерге!

Ақшақар: Сау болыңдар, оқушылар, келесі жаңа жылда кездескеше.

Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар!

1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Қалауын тап, қар үстіне қада гүл.

2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

1-жүргізуші: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп,

Жер бетіне кереметті жина көп.

2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.

1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды мерекелік шыршамызды тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Музыка (оқушылар би билейді)

2-жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
 Бақытты боп бастады жыл дастанын
 Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
 Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!..

1-жүргізуші: Осылай басты қосайық. 

                      Ашық боп аспан әрдайым

                      Тыныштық тойын жасайық,

                       Бейбітшілік-береке бола берсін мереке!

1-жүргізуші: Жаңа жылда жол болсын!

2-жүргізуші: Әрбір үйде той болсын!

1-жүргізуші: Берекелі жыл болсын!

2-жүргізуші: Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге мерекелік көңіл-кhouseтілейміз.

Жаңа жыл әні орындалып жатады.