8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы » Төлебаев орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
M. Tolebayev Secondary School
"Department of Education for Alakol district "
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(727) 32-63-74
bookkeeping:
Version for
visually impaired
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы
07
March
2023

8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий


 1 - жүргізуші:
 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
 Аналардан туған небір даналар.
 Ана деген тіршіліктің тірегі,
 Армысыздар, қасиетті аналар!
 Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
 2 - жүргізуші:
 Десек те уақытпенен жарыспайды,
 Қияға қиялменен қарыштайды.
 Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
 Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға 
8 сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
 
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
 Аналардың мерекесін бастайық.
 Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
 Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры 
Садиева Сауле Тезекбайқызына беріледі.
 2 - жүргізуші:
 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
 Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
 Қалайша аяулы ана тына алармын,
 Ән болып сағыныштан ақтарылMay, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Абзал ана атты әнін қабыл алыңыздар!
 1 - жүргізуші:
 
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
 Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
 Кім - кім болсын сені алақанында,
 Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
 2 - жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,
 Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
 Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
 Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл - қыздарыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар!
 1-жүргізуші:
 «Бала, бала, бала» деп,
 Бізді өсірген анашым.
 Гүлге толып, құшағың,
 Бақытты бол, анашым.
 2 - жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылMayтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
 1 - жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
 2 - жүргізуші:
 
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
 Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
 Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
 Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті  береміз.

1 - жүргізуші:
 
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
 Жұлдызындай көгінде жағыламын.
 Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
 Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
 2 - жүргізуші:
 
Аяулысың, ауылымның асылдары,
 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
 Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда биі.
 1 - жүргізуші:
 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
 Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
 Қалайша аяулы ана тына алармын
 Ән болып сағыныштан ақтарылMay,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап әні.

2 - жүргізуші:

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
 1 - жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қойMayды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!